• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қазан, 2022

Дәулет Тұрлыханов Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды

486 рет
көрсетілді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов партия мүшелерін президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елімізде әділетті қоғам құру, халықты тыңдайтын мемлекет қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жылдар бойы қордаланып қалған көптеген мәселелер шешімін таба бастады.  Ел мүддесі үшін жүйелі реформалар қолға алынды. Спорт саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жақсы қолдау көрсетілуде», деді ол «АМАNАТ» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.

Белгілі спортшы еліміздің барлық аймақтарында әмбебап спорт кешендері салынғанын, аулалар мен қоғамдық орындарда тренажерлар орнатылғанын тілге тиек етті.

«Ұрпақтарымызды дені сау, мықты етіп өсіру үшін осы мүмкіндіктерді ұтымды пайдалануымыз керек. Барлығымыздың ортақ Отанымыз – мемлекет. Бізді ортақ мақсаттар мен құндылықтар біріктіреді. Баршаңызды Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қиын сәтте қалдырмай, елдігімізді ұйыстырған қажырлы еңбегін бағалай отырып, болашаққа, халық мүддесі жолындағы тың бастамалар мен жоспарларға сене отырып, оны бірауыздан қолдауға шақырамын», деп атап өтті Дәулет Тұрлыханов.