• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қазан, 2022

Қырғызстанда парламент спикері сайланды

351 рет
көрсетілді

Нұрланбек Шәкиев Қырғызстан Парламентінің спикері болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz Республиканың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Жоғарғы Кеңестің отырысында депутаттар Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасын  сайлады. Төраға лауазымына депутат Нұрланбек Шәкиев ұсынылды. Бюллетеньдерді пайдалана отырып, жасырын дауыс берудің қорытындысы бойынша, Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып депутат Н.Шәкиев сайланды. Оның кандидатурасына Жоғарғы Кеңестің 80 депутаты дауыс берді», делінген ресми хабарламада.

45 жастағы Н.Шәкиев 2021 жылы парламент депутаты болып сайланды. Ол – «Ата-Жұрт Қырғызстан» парламенттік фракциясының жетекшісі. 2006-2010 жылдары Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. 2010-2011 жылдары республиканың Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарды.

Еске салайық, кеше парламенттің бұрынғы спикері Талант Мамытов өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеген еді.