Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанар Айтжан жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды», деп жазылған Жарлық мәтінінде.