• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Президент 06 Қазан, 2022

Халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек - Тоқаев

488 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзін қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тағы бір бастама – Президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес деген тұжырымға келдім», деп атап өтті ел Президенті.

Сондай-ақ ол ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды екенін баса айтты.

«Мемлекеттің тірегі – жалғыз Президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды. Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек. Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс», деді Қ.Тоқаев.