• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №395

291 рет
көрсетілді

2014 жылғы 24 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі 2014 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабьша сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған 2014 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №395 қаулысымен бекітілген 2014 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі Р/с № Жобаның атауы Жобаның жалпы құны (мың теңге) Іске асыру кезеңі (жылдар) Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері (мың теңге) Қарыз алушы 1 Азия Даму Банкі қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландыру 22500000 2014-2019 22500000 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы