• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №398

226 рет
көрсетілді

2014 жылғы 25 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі «Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі №1293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 358-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»; көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі мындай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын: « 30 «Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррорхром өндіру жөніндегі № 4 балқыту цехын жобалау және салу» ». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.