• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №393

225 рет
көрсетілді

2014 жылғы 24 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесінде: 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес веб-порталдағы тапсырыс берушінің тіркеу деректері негізінде веб-портал арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда ол әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не тапсырыс берушінің әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде веб-порталдағы тапсырыс берушінің тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.»; 7-тармақ алынып тасталсын; 13-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және өнім беруші (орындаушы, мердігер) болып табылатын жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша жасалған шарттар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілуге жатпайды.»; 16-тармақ алынып тасталсын; 25-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат: өнім берушінің атауы; елі; Қазақстан Республикасының резиденттері үшін ­– бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін); жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін); Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТС) (заңды тұлғалар үшін), дара жеке шоттың сақтандыру нөмірі (ДЖШСН) (жеке тұлғалар үшін); Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін), веб-порталда автоматты түрде берілетін реттік нөмір (РН) (жеке тұлғалар үшін);»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдегі жазба Заңда белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады. Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы шешімді жою туралы заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді қамтитын тізілімдегі жазба әлеуетті өнім берушінің не өнім берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті орган тиісті сот актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алынып тасталады.»; көрсетілген Ережеге 2, 7, 8, 9-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі қаулысына 1-қосымша Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесіне 2-қосымша Тапсырыс берушілер тізілімі Р/с № Тізілімдегі жазба нөмірі Тапсырыс берушінің атауы Тіркеу күні Соңғы жаңарту күні БСН Қазақ тілінде Орыс тілінде 1 2 2 4 5 6 7 кестенің жалғасы Резиденттік КАТО Өңір Есептілік әкімшісінің атауы 8 9 10 11 кестенің жалғасы Атрибуттар Басшы КОПФ КФС Кәсіпорынның бірқалыптылығы Экономика секторының коды Белгілер БСН Т.А.Ә. Лауазымы Деректер көзі 12 13 14 15 16 17 18 19 20 кестенің жалғасы Басшы Байланыс ақпарат Электрондық почта Телефон Ұялы телефон Елі КАТО Толық мекенжайы Мекенжай түрі 21 22 23 24 25 26 27 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №393 қаулысына 2-қосымша Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесіне 7-қосымша Шарттардың тізілімі Тізілімдегі жазбаның нөмірі Жазбаның соңғы өзгерген күні Тапсырыс беруші Шартты қаржыландыру көзі Мем.сатып алуды жүзеге асыру тәсілі Мем.сатып алуды өткізу туралы хабарламаның нөмірі Мем.сатып алудың қорытындыларын шығару күні Шартты жасасудың негізін растайтын құжаттың деректемелері Шарт Шарттың валюта коды Шарттың мәртебесі атауы БСН нөмірі күні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 кестенің жалғасы Шарттың аумақтық қазынашылық органдарында тіркелгені туралы мәліметтер (мемлекеттік мекемелер үшін) Сатып алу мәнінің түрі Шарттың мәні Қазынашы-лықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеуге берген өтінім Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінде шартты тіркеу туралы хабарлама сыныптама бойынша өнімнің коды тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер атауы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша сипаттамасы өлшем, бірлігі Бір бірлік үшін баға, теңге саны сома, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет) нөмірі күні нөмірі күні 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 кестенің жалғасы Шарт бойынша өнім берушілер (орындаушылар, мердігерлер) туралы ақпарат Шарттың орындалу күні Шарттың қолданысын тоқтату Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.) БСН, ЖСН (РФ – үшін СТС, ДЖШСН БР үшін – ТЕН, РН) Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың өнім беруші-лерінің дерек-қорындағы жазба нөмірі өнім беру-шінің елі Заңды мекенжайы Іс жүзін-дегі мекенжайы Электрондық почтаның мекен-жайы мәртебесі Телефон (факс) шарт бойынша іс жүзінде Тапсырыс беруші іс жүзінде төледі, теңге (егер өнім беруші ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда, ҚҚС ескере отырып, соманы көрсету қажет) күні Негізі және себебі 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №393 қаулысына 3-қосымша Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесіне 8-қосымша Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) тар-мақшаларына сәйкес адамдар туралы мәліметтер Тапсырыс беруші туралы ақпарат Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер Мемл-екеттік сатып алу туралы шарттың тізілімін-дегі шарттың нөмірі (Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі Өнім берушінің атауы Өнім берушінің елі БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН БР үшін – ТЕН, РН) Т.А.Ә. РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН Тапсырыс берушінің атауы Тапсырыс берушінің елі БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН) Сатып алу тәсілі Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарлама ның нөмірі Сатып алуды хабарлау күні Сатып алу қорытын-дыларын жасау күні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 кестенің жалғасы Сот шешімі туралы мәліметтер Тізілімнен алып тастау күні Соттың атауы Сот шешімінің нөмірі Сот шешімінің күні Сот шешімінің заңды күшіне енген күні 15 16 17 18 19 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №393 қаулысына 4-қосымша Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесіне 9-қосымша Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат Тапсырыс беруші туралы ақпарат Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың тізіліміндегі шарт нөмірі (Әлеуетті) өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі Өнім берушінің атауы Өнім берушінің елі БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН) Тапсырыс берушінің атауы Тапсырыс берушінің елі БСН, ЖСН (РФ үшін – СТС, ДЖШСН, БР үшін – ТЕН, РН) Сатып алу тәсілі Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі Сатып алуды хабарлау күні Сатып алу қорытынды ларын жасау күні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 кестенің жалғасы Сот шешімі туралы мәліметтер Тізілімнен алып тастау күні Соттың атауы Сот шешімінің нөмірі Сот шешімінің күні Сот шешімінің заңды күшіне енген күні 13 14 15 16 17