• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қазан, 2022

Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындады

331 рет
көрсетілді

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Прагада Франция президенті Эммануэль Макронмен, Еуропалық Одақ Кеңесінің Президенті Чарльз Мишельмен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz  АЗЕРТАДЖ сайтына сілтеме жасап.

Елисей сарайының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде Армения мен Әзербайжан БҰҰ Жарғысы мен 1991 жылғы Алматы декларациясына деген адалдықтарын тағы да көрсете отырып, бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындайтыны айтылған. Тараптар бұл делимитация жөніндегі комиссияның қызметі үшін негіз болып табылатынын және Комиссияның келесі отырысы қазан айының соңында Брюссельде өтуі тиіс екенін айтты.

Армения Әзербайжан шекарасына ЕО азаматтық миссиясын жіберуге келісті. Әзербайжан да осы комиссиямен ынтымақтастыққа келісім берді. Миссия өз жұмысын қазан айында бастайды және оны 2 ай ішінде аяқтайды деп күтілуде.