2013 жылғы 20 қараша, Астана қаласы
«Кеме қатынасын гидротехникалық жабдығын пайдалану» кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Кеме қатынасы гидротехникалық жабдығын пайдалану» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы
_____________ Қ. Әбсаттаров
2013 жылғы 4 қараша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 20 қарашадағы №917 бұйрығымен бекітілген
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Су көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты мынаны анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктегіші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) «52.22 Су көлігі саласындағы қызмет»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу үшін кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру;
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Кеме өткізуші»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі – ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: 8340 «Кеме өткізуші»;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы: кеме өткізуші - кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу үшін кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме өткізушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
2-параграф «Шлюз вахтасының бастығы»
7. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: 1226 «Шлюз вахтасының бастығы»;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу үшін кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Шлюз вахтасы бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 2-кестесінде келтірілген.
3-параграф «Вахтаның аға бастығы»
8. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: 1226 «Вахтаның аға бастығы»;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу үшін кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүруді ұйымдастыру және бақылау;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вахтаның аға бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 3-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізімі
9. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1 - 3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 - 3-кестелерінде келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
11. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі
13. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
14. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
№
р/с Қызмет түрінің атауы Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы СБШ-ның біліктілік деңгейлері БТБА бойынша дәрежелер
1 Кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу үшін кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру Кеме өткізуші Кеме өткізуші (8340) 3 4, 5, 6
2 Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру, кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу Шлюз вахтасының бастығы Шлюз вахтасының бастығы (1226) 4 -
3 Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүруді, кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеуді ұйымдастыру және бақылау Вахтаның аға бастығы - 5 -
Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы («Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын бекіту туралы (52 шығарылым)» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығына қосымша (52 шығарылым), (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіреу тізілімінде № 8770 болып тіркелген), 4 бөлім: «Теңіз және өзен көліктері»).
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандартына 2-қосымша
1-кесте
1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме өткізушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Гидротехникалық кеме қатынасы жүйелері мен ғимараттарды, олардың механикалық жабдықтарын жобалауды, пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар
Зиянды және қауіпті еңбек шарты -
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары 18 жастан жоғары
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс өтілі
3 (Кеме өткізуші 4 разряд) Жалпы орта білім, арнайы білімнің бар-жоқтығына талап қойылмайды 4 разряд - тәжірибесінің бар-жоқтығына талап қойылмайды
3 (Кеме өткізуші 5 разряд) Жалпы орта білім, арнайы білімнің бар-жоқтығына талап қойылмайды 5 разряд – жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес
3 (Кеме өткізуші 6 разряд) Жалпы орта білім, арнайы білімнің бар-жоқтығына талап қойылмайды 6 разряд – жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес
2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Шлюз вахтасы бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Гидротехникалық кеме қатынасы жүйелері мен ғимараттарды, олардың механикалық жабдықтарын жобалауды, пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар
Зиянды және қауіпті еңбек шарты -
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1353 қаулысы негізінде электр қауіпсіздігі бойынша 4 топтағы рұқсат
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс өтілі
5 (Вахтаның аға бастығы) Техникалық және кәсіптік білімі туралы диплом
Инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, соның ішінде вахта бастығы лауазымында 1 жыл
3-кесте
3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вахтаның аға бастығының
еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар) Гидротехникалық кеме қатынасы жүйелері мен ғимараттарды, олардың механикалық жабдықтарын жобалауды, пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар
Зиянды және қауіпті еңбек шарты -
Жұмыс істеуге рұқсат берудің ерекше шарттары «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1353 қаулысы негізінде электр қауіпсіздігі бойынша 4 топтағы рұқсат
СБШ біліктілік деңгейі Кәсіби білімі мен оқу деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
5 (Вахтаның аға бастығы) Техникалық және кәсіптік білімі туралы диплом
Инженерлік-техникалық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емесғ соның ішінде вахта бастығы лауазымында 1 жыл
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандартына 3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
1. «Кеме өткізуші» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифрі Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
1 Ф Шлюз камерасында кемелерді шлюздеу және орналастыру барысын қадағалау
2 Ф Кемелерді қалқымалы рымдарға арқандап байлаудың дұрыстығын бақылау
3 Ф Екі жақты қайырылып ашылатын қақпаның дұрыс жармалануын және кемелердің шлюздеуге дайындығын бақылау
4 Ф Кеменің жақындату каналдарындағы жай күйін бақылау
5 Ф Қақпаның шкафтық бөлшектері мен жұмыс қақпаларын жүзді нәрселерден уақтылы тазалауды қамтамасыз ету.
6 Ф Камерадағы акваторияларды, жақындау каналдарын және шлюз аумақтарын тазалау
7 Ф Шлюзделетін кемелермен кеме қатынайтын шлюздер арқылы кемелерді өткізу қағидасының орындалуын бақылау
8 Ф Вахталардың бастықтарымен шлюздың орталық басқару пультінен берілетін, шлюзделетін кеме командаларының дұрыс және уақтылы орындалуын бақылау
9 Ф Шлюздің техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысу
10 Ф Вахтаға бекітілген аумақты және үй-жайларды тазарту
2-кесте
2. «Шлюз вахтасының бастығы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
1 Ф Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру
2 Ф Кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу
3-кесте
3. «Вахтаның аға бастығы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
1 Ф Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүруді, кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеуді ұйымдастыру
2 Ф Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүруді, кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеуді бақылау
Ескертпе: Ф - функция.
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандартына 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте
1. «Кеме өткізуші» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі мен дағдылары Білімі
1 Ф З 1-1 Шлюз камерасында кемелерді шлюздеу және орналастыру барысын қадағалау КҚГҚ саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар КҚГҚ Шлюз камерасында кемелерді шлюздеу және орналастыру барысын қадағалау дағдысы. Кемелерді қалқымалы рымдарға арқандап байлаудың дұрыстығын бақылау дағдысы. Екі жақты қайырылып ашылатын қақпаның дұрыс жармалануына және кемелерді шлюздеуге дайындығын бақылау дағдысы.
Кеменің жақындату каналдарындағы жай күйін бақылау дағдысы. Қақпаның шкафтық бөлшектері мен жұмыс қақпаларын жүзді нәрселерден уақтылы тазалауды қамтамасыз ету дағдысы. Камерадағы акваторияларды, жақындау каналдарын және шлюз аумақтарын тазалау дағдысы. Вахталардың бастықтарымен шлюздың орталық басқару пультінен берілетін, шлюзделетін кеме командаларының дұрыс және уақтылы орындалуын бақылау дағдысы. Шлюздің техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысу дағдысы. Вахтаға бекітілген аумақты және үй-жайларды тазарту дағдысы. «ҚР Ішкі су жолдары бойынша жүзу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 қаулысы.
«Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 Фқпандағы № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6843 болып тіркелген ).
«Шлюздеу кезінде жеңілдіктер мен төмендетуді қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 329-І бұйрығы.
Шлюздің негізгі элементтері мен оның жабдықтарын, техникалық құрылыстарын орнату, белгілеу және техникалық пайдалану ережелері, қалқымалы рымдардың жұмыс қағидаттары. Кемелердің тиелуінен және басқа да айлақтық жабдықтардан сақтандырғыш құрылғыларды, жылжымалы рамдарды қолдану принципі. Шлюз арқылы өткізу тәртібі. Кемелерде және шлюзде қолданылатын жарық және дыбыстық сигнал беру. Телефон, дауыс зорайтқыш және байланыстардың басқа түрлерін пайдалану қағидасы. Майндарды жұмыс қақпасында және құрылыстардың жекелеген бөліктерінде жабдықтау және күту тәсілдері. Ішкі су жолдары арқылы жүзу тәртібі. Кемені шлюздеу кезінде бір камерадан басқасына өту тәртібі. Техникалық пайдалану және техникалық қауіпсіздік ережелері. Өрт кестесі.
2 Ф З 2-1 Кемелерді қалқымалы рымдарға арқандап байлаудың дұрыстығын бақылау КҚГҚ саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар Шлюзделе-тін кемелер, КҚГҚ
3 Ф З 3-1 Екі жақты қайырылып ашылатын қақпаның дұрыс жармалануын және кемелердің шлюздеуге дайындығын бақылау КҚГҚ саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар КҚГҚ
4 Ф З 4-1 Кеменің жақындату каналдарындағы жай күйін бақылау КҚГҚ саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар Шлюзделе-тін кемелер
5 Ф З 5-1 Қақпаның шкафтық бөлшектері мен жұмыс қақпаларын жүзді нәрселерден уақтылы тазалауды қамтамасыз ету Жүзді нәрселерді тазалауға арналған құралдар КҚГҚ
6 Ф З 6-1 Камерадағы акваторияларды, жақындау каналдарын және шлюз аумақтарын тазалау Жүзді нәрселерді тазалауға арналған құралдар КҚГҚ
7 Ф З 7-1 Шлюзделетін кемелермен кеме қатынайтын шлюздер арқылы кемелерді өткізу қағидасының орындалуын бақылау КҚГҚ саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар Шлюзделе-тін кемелер
8 Ф З 8-1 Вахталардың бастықтарымен шлюздың орталық басқару пультінен берілетін, шлюзделетін кеме командаларының дұрыс және уақтылы орындалуын бақылау шлюза КҚГҚ саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар Шлюзделе-тін кемелер
9 Ф З 9-1 Шлюздің техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысу Шлюзге техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарға арналған құралдар КҚГҚ
10 Ф З 10-1 Вахтаға бекітілген аумақты және үй-жайларды тазарту. Тазалауға арналған құралдар КҚГҚ
2-кесте
2. Еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі «Шлюз вахтасының бастығы»
Шифрі Еңбек заттары Еңбек құралдары Міндеттер Шеберлігі мен дағдылары Білімі
1 Ф З 1.1 Кеме қатынайтын гидротехни-калық құрылыстарда вахтаны алып жүру КҚГҚ саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар. Жоспарлар, кестелер, журналдар Кеме қатынайтын гидротех-никалық құрылыстар Басқарушылық жұмыстағы тәжірибесі. Жұмыс процесін басқара білу шеберлігі. Өндірістік процесс кезінде шешім қабылдай білу шеберлігі. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру дағдысы. Кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу дағдысы «ҚР Ішкі су жолдары бойынша жүзу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 қаулысы.
«Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 Фқпандағы № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6843 болып тіркелген ).
«Шлюздеу кезінде жеңілдіктер мен төмендетуді қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 329-І бұйрығы.
Гидротехникалық жүйелерді және құрылыстарды пайдалану бойынша нормативтік-техникалық база. Гидротехникалық құрылыстардың электрлік-механикалық жабдықтары. Есептеуіш техникасының құралдары, коммуникациялар және байланыстар, іс жүргізу стандарттары. Қоршаған ортаны қорғауға қойлатын талаптар, еңбек заңнамасының негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникалар, өндірістік тазалық және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормалары
2 Ф З 2.1 Кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу КҚГҚ саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар. Жоспарлар, кестелер, журналдар Кеме қатынайтын гидро-техникалық құрылыстар
3-кесте
3. «Вахтаның аға бастығы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі Еңбек заттары Еңбек құрал-дары Міндеттер Шеберлігі мен дағдылары Білімі
1 Ф З 1-1 Кеме қатынайтын гидро-техникалық құрылыс-тарда вахтаны алып жүруді, кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеуді ұйым-дастыру КҚГҚ саласын-дағы норма-тивтік құқықтық құжаттар. Жоспар-лар, кестелер, журналдар. Кеме қаты-найтын гидро-техника-лық құрылыс-тар Басқарушылық жұмыстағы тәжірибесі. Жұмыс процесін басқара білу шеберлігі. Өндірістік процесс кезінде шешім қабылдай білу шеберлігі. Мақсаттар мен бастамаларды нақ қоя білу. Орындаушылық тәртіпті жүйелі бақылау. Қызметкерлердің қабілеттері мен дағдыларын дамыту. Адамдарды оқыта білу және нұсқау бере білу шеберлігі. Өкілеттіктерді үлестіре білу және сайлау шеберлігі. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүруді, кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеуді ұйымдастыру дағдысы. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүруді, кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеуді бақылау дағдысы
«ҚР Ішкі су жолдары бойынша жүзу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 қаулысы.
«Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6843 болып тіркелген ).
«Шлюздеу кезінде жеңілдіктер мен төмендетуді қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 329-І бұйрығы.
Гидротехникалық жүйелерді және құрылыстарды пайдалану бойынша нормативтік-техникалық база. Гидротехникалық құрылыстардың электрлік-механикалық жабдықтары. Есептеуіш техникасының құралдары, коммуникациялар және байланыстар, іс жүргізу стандарттары. Қоршаған ортаны қорғауға қойлатын талаптар, еңбек заңнамасының негіздері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникалар, өндірістік тазалық және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормалары
2 Ф З 2-1 Кеме қатынайтын гидротех-никалық құрылыс-тарда вахтаны алып жүруді, кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеуді бақылау КҚГҚ саласын-дағы норматив-тік құқықтық құжаттар. Жоспар-лар, кестелер, журналдар Кеме қатынай-тын гид-ротех-ни-калық құры-лыстар
Ескертпе: М – міндет.
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандартына 5-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы Келісу күні
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Осы КС ___________________________________________________тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне №______________________________тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________Күні_____________________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 19 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9001 болып енгізілді.