• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Елорда 10 Қазан, 2022

Астана полицейлері тұрғындарға қоғамдық көлікпен жүруді ұсынды

206 рет
көрсетілді

Елордада ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге байланысты Астана полицейлері бүгіннен бастап қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 қазан сағат 21.00-ден бастап стационарлық бақылау бекеттерінің базасында елорда аумағына кіруді бақылау күшейтіледі. Бекеттерде қызмет атқаруды тәулік бойы құрамында полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері бар мобильді топтар жүзеге асырады.

«Көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 1 қазаннан бастап «Учаске» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға ерекше назар аударылатын болады. Өткізілетін іс-шараларға байланысты қаланың жаңа әкімшілік орталығында жолдардың кейбір учаскелерінде қозғалысты уақытша ішінара шектей отырып, қонақтардың еркін жүруіне мүмкіндік беріледі», деп жазылған таратқан хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрады және ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап отыруды ескертті.