• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қазан, 2022

Үндістанда ойын кезінде футбол алаңына найзағай түсті

Оқиға футбол ойыны кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістанның шығысындағы Одиша штатында футбол алаңына найзағай түсіп 2  адам қаза тапты. 25-і жараланған. Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілген. Олардың 12-сі ауыр халде жатыр.

Айта кетейік, Одиша - Үндістандағы найзағай ең көп түсетін штат. Соңғы 20 жылда аймақта 21,73 миллион найзағай жерге түскен. Соның салдарынан 5 706 адам қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар