АСТАНА. 21 мамыр. 2016 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде фармацевтикалық және дәрі-дәрмек құралдарының нарығы жұмыс істейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов VII Астана экономикалық форумында фармацевтикалық және дәрі-дәрмек құралдары саласына қатысты бірыңғай нарықты құру мақсатында жұмыстар жүргізіле бастағанын мәлімдеді.
Еуразиялық интеграция аясында құрылғалы отырған бұл нарық Қазақстан, Ресей және Баларусь елдерінің фармацевтика бағытындағы байланыстарын жаңа белеске көтермек. Ал аталған сала бойынша кейінгі жылдары көптеген тәжірибе жинақтап үлгерген Қазақстан үшін ол өзінің тиімділігін көрсетеді деп күтілуде.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: palata.kz.