• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2014

Хоккей. Әлем чемпионаты. Топтық ойындар аяқталды

272 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 мамыр. Кеше түнде Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық ойындары аяқталып, ширек финалға шыққан құрамалар анықталды. Бұл туралы Чемпионат.Ру хабарлады. Алдымен бұрнағы күні түнде ойналған екі ойынның нәтижелеріне келейік. Олардағы 7-тур матчында Швеция Италияны 5:1 етіп ойсырата ұтса, 6-тур ойынында Беларусь пен Латвия арасындағы приципті матчта алаң иелерінің айбындары асты – 3:1. Ал кеше соңғы, жетінші турдың ойындары ойналды. Олар мынадай нәтижелер әкелді: Норвегия – Канада 2:3, Германия – АҚШ 4:5, Дания – Словакия 3:4, Латвия – Швейцария 2:3, Чехия – Франция 5:4ОТ, Ресей – Беларусь 2:1. Ертең 1/4 финалдық плей-офф ойындары өтеді. Онда АҚШ – Чехия, Ресей – Франция, Канада – Финляндия, Швеция – Беларусь доптыаяқ түйістіреді. 24 мамыр күні жартылай финалдық ойындарға кезек келсе, 25 мамырда 3-орын үшін және финалдық кездесулер болады. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Чемпионат.Ру.   Турнир кестесі (21 мамыр) А тобы Ор Командалар О Ұ ҰО ҰБ ЖБ ЖО Ж Шайба Ұп 1 Канада 7 5 1 0 1 0 0 28-13 18 2 Швеция 7 5 0 1 0 1 0 21-10 18 3 Чехия 7 2 2 0 2 0 1 20-18 12 4 Франция 7 2 0 2 0 1 2 25-20 11 5 Словакия 7 3 0 0 0 1 3 20-21 10 6 Норвегия 7 2 0 0 1 0 4 16-19 7 7 Дания 7 1 0 1 0 0 5 17-27 5 8 Италия 7 1 0 0 0 0 6 6-25 3   В тобы Ор Командалар О Ұ ҰО ҰБ ЖБ ЖО Ж Шайба Ұп 1 Ресей 7 7 0 0 0 0 0 31-7 21 2 АҚШ 7 4 1 0 0 0 2 27-23 14 3 Беларусь 7 4 0 0 0 0 3 18-17 12 4 Финляндия 7 3 0 1 0 0 3 18-15 11 5 Швейцария 7 3 0 0 1 0 3 19-21 10 6 Латвия 7 3 0 0 0 0 4 20-24 9 7 Германия 7 1 0 1 0 0 5 13-23 5 8 Қазақстан 7 0 0 0 1 1 5 16-32 2   Ескерту: О – ойындар, Ұ – ұтыс, ҰО – овертаймда ұту, ҰБ – буллитте ұту, ЖБ – буллитте жеңіліс, ЖО – овертаймда жеңіліс, Ж – жеңіліс.