• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Теннис 11 Қазан, 2022

Глазгода бақ сынайтын қазақстандық теннисшілер анықталды

249 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасы С тобына кіріп, 8 қарашада Ұлыбританиямен, ал 9 қарашада Испаниямен ойнайды. Матчтар «Emirates Arena» жабық алаңында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Билли Джин Кинг Кубогы Шотландияның Глазго қаласында өтеді.

Ярослава Шведова бастаған Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы келесі ойыншыларды таңдады: Елена Рыбакина (WTA бірыңғай рейтингінің 26-шы нөмірі), Юлия Путинцева (WTA бірыңғай рейтингінің 47-ші нөмірі), Анна Данилина (WTA жұптық рейтингінің 21-ші нөмірі) және Жібек Құламбаева (WTA жұптық рейтингінің 189-шы нөмірі).

12 команда – Ұлыбритания, Қазақстан, Австралия, Бельгия, Канада, Чехия, Италия, Польша, Испания, Словакия, Швейцария, АҚШ – төрт топқа бөлініп, әр топтың жеңімпаздары бірден әлем чемпионатының жартылай финалына шығады.

Финал 13 қарашада өтеді.