• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қаржы 11 Қазан, 2022

Пірматов теңге бағамына қатысты пікір білдірді

116 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында осы жылдың қыркүйек айында АҚШ долларына қатысты теңге бағамы бір доллар үшін 0,9%-ға, 476,53 теңгеге дейін әлсірегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Дамушы нарықтардың валюталары сияқты теңгенің айырбас бағамына АҚШ ФРЖ ақша-кредит саясатын белсенді қатайту, АҚШ долларының бағамын жаһандық нығайту, геосаяси қақтығыстардың шиеленісу жағдайлары әсер етеді», деді Ғалымжан Пірматов.

Ұлттық банк төрағасы икемді бағам қалыптастыру валюта нарығының жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және халықаралық резервтерді сақтауға ықпал ететінін жеткізді.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың сыртқы экономикалық операцияларының жекелеген түрлері бойынша төлем балансының статистикасын қамтуды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізді.