• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қазан, 2022

Алтынкөл станциясында 30-дан астам пойыз тұрып қалды

668 рет
көрсетілді

11 қазанда Қазақстан-Қытай шекарасында Алтынкөл терминалындағы екі кран істен шықты. Осыған байланысты теміржолдың бірнеше бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, Алтынкөл – Қорғас бағытында үлкен кептеліс пайда болды. Шекарада 33 пойыз тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл басқа да шекара өткелдеріне әсер етті. Мәселен, Алашанькоу терминалында 23 пойыз тұрып қалған.

Сонымен қатар Эренхотта тағы 13 пойыз, Маньчжурияда 16 және Суйфенхэде 1 пойыз кептеліп қалды.