• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қазан, 2022

Атырауда жарылғыш зат туралы жалған хабар таратқан оқушы анықталды

166 рет
көрсетілді

12 қазан күні сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры «сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасаймын» деген хабарлама алғанын жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат анықталмады. Көрінеу жалған хабарлама берген сол мектептің 2008 жылы туған оқушысы анықталды. Ол Атырау қалалық полиция басқармасына ата-анасымен бірге шақыртылды», деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.

Тергеп-тексеру жұмыстары басталды.