Әлихан Смайылов елорда әуежайында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астана қаласына келген Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Ван Цишаньді қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12-13 қазанда Астанада Қазақстанның төрағалығымен АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді.
Ауқымды саяси іс-шараға мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің, бақылаушы ұйымдардың және серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылған. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтілуде.