• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Президент 13 Қазан, 2022

Түрікменстан АӨСШК-ге бақылаушы ретінде қосылды

359 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бақылаушылары мен серіктестерінің саны ұлғайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түркіменстан АӨСШК-ге бақылаушы ретінде қосылды. Еуразиялық экономикалық одақпен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығымен ынтымақтастық орнату туралы шешім қабылданды», деді Мемлекет басшысы Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитінде сөйлеген сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін АӨСШК қоры құрылатынын айтты. Оның мақсаты – АӨСШК жобаларын таңдаудың және оларды жүзеге асыру үшін ерікті қаражат жинаудың арнайы механизмін құру.