• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 13 Қазан, 2022

Назарбаев университетіне бюджеттен бөлінетін қаражат қысқартылады

355 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Хабар 24» телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен бүкіл өңірлік университеттерді аралап жүрмін. Алматыда, Тараз және басқа қалаларда орналасқан өңірлік университеттер мен білім институттарын да аралап шықтым. Жағдайлары өте нашар. Оны мойындау керек. Сондықтан бұл механизм ауысуы қажет. Биылдан бастап біз өңірлік университеттерге жағдай жасаймыз. Ал Назарбаев университетіне біздің жыл сайын беріп жатқан бюджетіміз осы жылдан бастап қысқартылады. Неге десеңіз, Назарбаев университетінің өздеріне тиесілі Қоры бар. Сондықтан үлкен университеттер өз-өзін қаржыландыру принципіне көшуі керек», деді министр.

Оның айтуынша, тек қана мемлекетке ауыз ашып отырмау керек. Осылайша, жауапты министрлік барлық күшін өңірлік университеттерге жұмсауға ниетті.

«Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Қарағанды, Павлодар және батыс пен шығыста мықты университеттеріміз бар. Бірақ олардың дамуына кейінгі 10 жылда жеткілікті ақша бөлінбеген. Оларды қаусап қалған деуге де болады. Лаборатория, инфрақұрылым, оқу корпустары мен жатақхана мәселелері көп. Сондықтан біздің бағыт-бағдарымыз орталық университеттерден өңірлік университеттерге ауады. Сондай үлкен бетбұрыс басталады», деп қосты Саясат Нұрбек.

Видео-материал «Хабар 24» ютуб арнасынан алынды