• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қазан, 2022

Арандатушылық бағыттағы ақпараттар көбейіп кетті – Дархан Қыдырәлі

288 рет
көрсетілді

Кейінгі кездері ашық арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп кетті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қазақстанда болмаған оқиғаны осы жерде болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі. Қазір елімізде өтіп жатқан халықаралық іс-шаралар мен көптеген елдің лидерлерінің келуі, халықаралық деңгейдегі түрлі тарихи маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақстан имиджіне оң әсер етері белгілі. Ал әлгіндей жалған, әдейі жасалған ақпараттық шабуылдар уыздай ұйып отырған ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалатыны анық. Сондықтан әсіресе, әріптестеріме әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сергек қарап, тек қана дәйекті мәліметтерге сүйенуін сұраймыз», деп жазылған мәтінде.