Қазақстандық Арай Нұрлыбекова Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бахрейндегі Азия чемпионатында ұлттық құрамамыздың қоржынына екінші күміс жүлде түсті. Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшымыз 221 (97+124) келі салмақты бағындырып, бөлек жаттығуларда екі қола медаль жеңіп алды.
Бұған дейін Асылжан Бектай мен Зүлфия Чиншанло алтын иеленсе, Арли Чонтей күміс жүлдеге қол жеткізді.