• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қазан, 2022

ТМД елдері басшылары қандай мәселелерді талқылайды?

506 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысын ашық деп жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Қонақжай Қазақстан жеріне қош келдіңіздер. Ең алдымен, Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдап, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бүгін Кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан президенті, құрметті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов отырысқа алғаш рет қатысып отыр. Осы жердегі әріптестердің және өзімнің атымнан Сізге қош келдіңіз дей отырып, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысын ашық деп жариялаймын», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент бүгінгі жиында қаралатын мәселелерді атады.

«Гуманитарлық серіктестікке, қауіпсіздікке және ынтымақтастығымыздың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер Мемлекеттер басшылары кеңесінің қарауына ұсынылып отыр», деді ол.