Бүгін КХДР Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Kyodo агенттігі Жапония үкіметіне сілтеме жасап хабарлады.
Жұма күні сағат 01:47-де ұшырылған баллистикалық зымыран шамамен 650 км ұшты.
Зымыран Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерде, жағалаудан шамамен 370 км қашықтықта құлады.
Жапонияның қорғаныс министрі Ясуказу Хамадтың айтуынша, КХДР ұшырған баллистикалық зымыран атиптік траектория бойынша ұшқан болуы мүмкін.
Kyodo жазғандай, осы жылдың басынан бастап КХДР құрлықаралық баллистикалық зымырандарды қоса алғанда кемінде 27 зымыран ұшыруды өткізді.