• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қазан, 2022

Астанадағы саммитке 221 медицина қызметкері жұмылдырылды

333 рет
көрсетілді

«Орталық Азия – Ресей» саммитін өткізуді ұйымдастыруға ҚР ПІБ медицина орталығының 221 қызметкері жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасының хабарлауынша, маңызды іс-шараға орталықтың 21 қызметкері, Медициналық орталық ауруханасынан 179 және Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының 21 қызметкері алынған. Оларға қатысушыларды күтіп алу, медициналық тұрғыда көмек беру, санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды міндеттемелер жүктелген.