• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 15 Қазан, 2022

Түркістанда қазақ күресінен Азия Кубогы өтеді

459 рет
көрсетілді

29 қазанда Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады.

Кубок «командалық бетпе-бет» олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.

Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдесетін болады.

Сайысты тікелей эфирден Qazsport пен TRT Avaz телеарналары көрсетеді.