• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Қазан, 2022

Үкіметте су шаруашылығы мәселелері талқыланды

341 рет
көрсетілді

15 қазанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның су кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы және Су саласын реформалау жөніндегі республикалық кеңеске дайындық барысы қаралды.

Мәселен, 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жобасында су шаруашылығы инфрақұрылымы мен табиғи су объектілерін қалпына келтіру, су үнемдеуді экономикалық ынталандыру, мониторинг жүйесін дамыту, кадрлар даярлауды жақсарту және т.б. іс-шаралар көзделген.

Отырыс барысында алдағы Республикалық кеңесте елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар пакеті қаралатыны атап өтілді. Атап айтқанда, су ресурстарын басқарудағы ғылымның рөлін арттыру, су заңнамасын жетілдіру және ұлттық жобаларды іске асыру қаралмақ.

Бұл мәселелерді талқылауға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов, Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілі Әмірхан Кеншімов және т.б. қатысты.