Батыс Қазақстан облысының «Жайық» темір жол өткізу пунктінде ел аумағынан шығарылмақ болған мұнай өнімдерінің контрабандасы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жағар май тиелген 20 цистерна битумдық лактарды ерітетін «Уайт-спирит» ретінде көрсетілген. Жүк процессуалдық шешім шығару үшін облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.
Еске сала кетейік, бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін елден шығаруға уақытша шектеу енгізілген.