• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қазан, 2022

Қытай өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырды

208 рет
көрсетілді

Қытай Сыртқы істер министрлігі Украина аумағында жүрген өз азаматтарын аталған елден кетуге шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы қытайлық Global times басылымының Twitter-дегі аккаунтында хабарланды. 

«Украинадағы қазіргі қауіпсіздік жағдайын ескере отырып, Қытай Сыртқы істер министрлігі мен Қытайдың Украинадағы елшілігі Қытай азаматтарын сақтық шараларын күшейтіп, эвакуациялауға шақырады. Елшілік эвакуацияны ұйымдастыруға көмектеседі», делінген хабарламада.