Мемлекет басшысы Алматы облысындағы жиында, ел алдындағы ерекше еңбегі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
«Парасат» орденімен Ұлттық қой өсірушілер одағы кеңесінің төрағасы Тынышбай Досымбеков;
«Құрмет» орденімен еңбек ардагері Виктор Иванович Волокитин;
«Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы, Қонаев қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржанұлы Қайыржан;
«Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері Жасұлан Жақсылықұлы Нүсіпов;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Оңтүстік агропаркі» ЖШС бас агрономы Қали Жетібайұлы Қаңтарбаев;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Абай ауылындағы №2 орта мектебінің директоры Бәтима Кәлпеқызы Нысанбаева;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің аға тілшісі Рәпбек Сәдуақасұлы Терлікбаев наградталды.