• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қазан, 2022

Жол құрылысындағы жемқорлықты түбірімен жою керек - Қ.Тоқаев

178 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Жетісу жұртшылығымен кездесуде жол құрылысы кезіндегі жемқорлық пен селқостықты түбірімен жою шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

«Кербұлақ және Панфилов аудандары арқылы өтетін республикалық күре жолды жөндеу мәселесі өзекті болып тұр. Бұл – өте маңызды жол. Сондықтан, Үкімет пен әкімдікке ондағы күрделі жөндеу жұмысын алдағы 2 жылдың ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражатты шұғыл қарастыру керек», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен, жолдың сапасы жақсы көңіл бөлуді ұсынды.  Алайда, құрылысы да созылып кетпесін. Бұл жергілікті жұрттың тұрмысына және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін жеткізді. 

«Елімізде жол апаттары, оның ішінде адам өліміне әкеп соқтырған оқиғалар көбейіп барады. Бұған еш жол беруге болмайды. Адам өліміне әкеп соқтырған әрбір жол апатын төтенше жағдай ретінде қарастыру қажет. Адам өмірі – біздің басты байлығымыз. Сондықтан, азаматтардың амандығы және қауіпсіздігі бірінші орында тұруға тиіс. Жол құрылысы кезіндегі жемқорлық пен селқостықты түбірімен жою үшін жүйелі шаралар қабылдау керек», деді Президент Жетісу облысындағы жұмыс сапары барасында.