• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қазан, 2022

Қазақстан мен Түрікменстан шекарасы туралы шарт ратификацияланды

433 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы»  заңды қарап, қабылдады.

Сенат Төрағасы атап өткендей, құжат Каспий теңізіндегі Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығын айқындау және балық кәсіпшілігі аймақтарының аражігін ажырату мақсатында әзірленген.

«Осы Заң Қазақстанның Түрікменстанмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесін аяқтауға және екі мемлекет арасындағы Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараларды заңды түрде бекітуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта заң екі ел арасындағы тату көршілік қатынасты одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деп сенеміз», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.