• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қазан, 2022

Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған

408 рет
көрсетілді

Алматы облысының прокуратурасы казинолар мен ойын автоматтарының жұмысын тексеру кезінде мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарына жұмсаған қаржысын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz 

Qazaqstan телеарнасы ұсынған дерекке сенсек, 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген.

«Тізімде Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрлігі көш бастап тұр. Қызметкері ойынқұмар ведомстволардың ішінде Жоғарғы Сот, Қаржы мониторингі агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де бар. Казиноға барудан жергiлiктi атқарушы орган мамандары да қалысар емес», деп жазылған ақпаратта.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты:

ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн;

ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;

ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн;

ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн;

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;

Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн;

Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн.