• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2022

Шаңырақ шуағы – Шәмшия әже

375 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында «Мерейлі отбасы» сайысында Оспанұлы әулеті үздік деп танылды. Осы кезге дейінгі сайыста он баласы мен олардан өрген немере-шөберелерін 92 жастағы Шәмшия Бақова өзі бас­тап шығып таныстырған болатын. «Алтын алқа» иегері Шәмшия әже Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебінде ұзақ жыл бойы кітапханашы болып қызмет атқарып, отағасы Оспан Бақов екеуі он бала өсіріп тәрбиелеген.

2009 жылы 78 жасында өмір­­ден озған әулеттің отағасы Ос­пан Бақов ұзақ жыл бойы Қорғантұз ор­та мектебінде мұғалім, мектеп директоры болып абыройлы еңбек еткен. Оспан мен Шәм­шия 1959 жылы шаңырақ кө­теріп, жар­ты ғасырдан астам уақыт бойы өмір­дің қиындығы мен қуанышын бірге бөліскен жандар.

Осы әулеттен өрген бес ұл, бес қыздың бәрі бүгінде бір-бір үйдің отағасы, отанасы атанып, еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп жүр. Ғасырға жуық ғұмыр сүрген кейуана келіндерінің ақылшысы. Отбасылық шаруа­ларда ұлдары да анасының ақ ба­тасынсыз іс бастамайды. Ұлдары мен келіндері, қыздары мен кү­йеу балалары әулеттің ынты­мағы нығайып, берекесі артуына Шәмшия ана­ның ықпалы көп болғанын айтады. Кейуана әлі күнге дейін не­мере-жиендерінің қамқоршысы, немере келін­де­рі­нің кеңесшісі.

Бұл – мұғалімдер әулеті әрі қазақтың ән-күйін құрметтей­тін шаңырақ. Өйткені Шәм­шия әжей­дің төрт қызы мен бір ұлы мұға­лімдік мамандықты таң­­дап, осы салада абыройлы еңбек етіп жүр. Бір қызығы, Оспан әулетінің немерелері мен келін­дердің дені ұстаздық жол­­ды таңдапты. Оспан атай мен Шәм­шия әжейдің тұңғышы Ве­не­ра қазір зейнеткер ұстаз, қы­рық жыл мектепте абыройлы қыз­­мет атқарған. Одан кейінгі мұға­лімдер тізімінде Жа­дыра тұр, оның еңбек өтілі – 35 жыл, бастауыш сынып мұғалімі Анджела Оспанқызының еңбек өтілі – 28 жыл, Еділ Оспанұлының еңбек өтілі – 29 жыл, Әлия Оспан­қызынікі – 22 жыл.

«Мерейлі отбасы» байқауы­ның биылғы сайысында Оспанов әуле­­тінің үздік деп танылуына әсер еткен бірнеше себеп болды. Со­ның ішінде ең бастысы – осы әулет мүшелерінің сыйластыққа не­гізделген шынайы қарым-қа­ты­насы деуге болады. Кіші­сі- ­нің ересегін құрметтеуі, өз­ара жана­шырлық, ортақ іске жұмы­лу, ме­йірімділік пен ізгілік, отба­сы­ның жазылмаған қағидасы екен.

 

Ақтөбе облысы