Taza.kz
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
652 материал табылды

Талбесік • 10 Сәуір, 2026

Жабайы қызғалдақтар қорғауды қажет етеді

Қоршаған ортаның сәні саналатын әрі экологиялық тепе-теңдігін көрсеткіші рөлін атқаратын жабайы қызғалдақтар алқабы бүгінде ерекше қорғауға зәру. Назар аударарлық жайт, осы кезге дейін дала өсімдіктерінің жойылған не азайған түрлері туралы экологиялық мониторинг жүргізілген жоқ.

Мәдениет • 08 Сәуір, 2026

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы: Ақтөбе облыстық филармониясының хоры Алматыда өнер көрсетті

Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының камералық хоры Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  филармониясында өнер көрсетті. Өнер кеші белгілі композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына 120 толуына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2026

Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Шалқар ауданының Тоғыз ауылында қайтарылған қаражат есебінен салынған медпункт пайдалануға берілді. Бір ауысымда 25 тұрғынды қабылдауға әзір Тоғыз ауылындағы емдеу мекемесі Президент тапсырмасына сәйкес, «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қайтарылған активтер есебінен салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 02 Сәуір, 2026

Тіл тазалығы ой тазалығынан басталады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универсиеті теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Балгенже Қарағұлова жастардың сөйлеу мәдениетінің жылма-жыл төмендеп бара жатқанына алаңдайды. 

Тұлға • 31 Наурыз, 2026

Жұбан әулетінің жәдігерлері

Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі 1983 жылы Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы орта кәсіптік-тех­никалық училище жатақханасының үш бөлмесінен ашылды. Сол жылы Алматыдан композитордың қызы Ғазиза Жұбанова арнайы келіп, әкесінің біраз дүниесін сыйға тартты. Олардың арасында Ахмет Қуанұлының домбырасы мен дирижерлік фрагі, өз қолымен жазылған нота дәптерлері бар еді.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2026

Алаңдауға негіз жоқ

Ақтөбе облысы биыл су тасқыны қаупі орташа деңгейдегі өңірдің қатарына енді. Оған қыста түскен қардың аздығы, жердегі тоңның жұқалығы сынды бірнеше себеп бар.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2026

24 сағаттық жыр марофоны әлемдік рекордтар кітабына енді

Наурыз мерекесі қарсаңында  қалалық мәдениет сарайында жас жыршылар тәулік бойы кезек-кезек қиссалар мен дастандар, терме, халық композиторларының шығармаларын орындады. Жыраулық дәстүрді дәріптеуге арналған ауқымды жиын «Ер Едіге» жыр мектебінің  бастамасымен жүзеге асты. 24 сағат бойы жырмен көмкерген 36 жыршының өнерін Азия мен Африка елдері бойынша халықаралық  GBR  сарапшылары бақылап, дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Студент сергектік танытты

Таңғы сағат 07.00-де Ақтөбе қаласындағы №119 учаскеде 18 жастағы Абзал Боранбай алғаш рет дауыс берді. Жергілікті университетте құқықтану мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 - курс студенті Абзал ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, дауыс беру бюллетенін алғаш қолға алғанда ерекше сезімде болғанын жасырмады.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Ақтөбе облысындағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ

Ақтөбе қаласындағы Жағалау көшесі бойындағы «Гүлдәурен» балабақшасында  орналасқан №119 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумға дауыс беруге келген алғашқы тұрғындарға есігін ашты. Өз сайлау учаскесіне дауыс беруге ең бірінші болып келген облыстық  обаға қарсы күрес стансасының инженер-механигі Марат Шериповке №119 сайлау учаскесінің төрағасы Күлсім Төлембайқызы Шоқпарова сыйлық табыстады. Марат Шерипов обамен күрес мекемесінде 18 жылдан бері жұмыс істейді. Екі баланың әкесі, немерелері бар. Ол тұрғындарды бүгінгі саяси науқанға белсенділікпен қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Ақтөбе облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектепте орналасқан №541 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейңн өңір басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумның ел өміріндегі маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика