
Аймақтар • 15 Сәуір, 2025
Ақтөбе облысында 166 дәрігер жетіспейді
Ақтөбе қаласында 110, ал елді мекендерде 56 дәрігерлік орын бос тұр. Былтыр ауылдарға жіберілген 15 маманға 3 млн теңге, 25 маманға 8,5 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл жөнінде облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2025
Хромтауда екі жел электрстансасы салынады
Ақтөбе облысында жалпы қуаты 450 МВт болатын бес жаңартылатын энергия жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, осы жылы Хромтау ауданында жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электрстансасы құрылысы басталады. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, осы жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады және құрылысты «Darmen Shuak» және «Next Green Energy» ЖШС-тері жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 12 Сәуір, 2025
Ақтөбе облысында сенбілік сайыс түрінде өтті
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шалқар ауданының орталығында өткен сенбілікке тоғыз мектеп, көпсалалы колледж, аудандық аурухана жастарынан құрылған еріктілер тобының 150 мүшесі қатысып, Шалқар көлінің жағалауын түгел тазалап шықты. Тазалық шарасы жастар арасындағы сайыс түрінде өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 11 Сәуір, 2025
Бұл – Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақталған болыс, би Мырзағұл Шманұлының қолданған жез табағы. Көлемі 30х30 см болатын, сыртқы жағында «1882 г.» деген ойылып жазылған ұсақ жазуы бар, шыны аяқ қоятын дүниені ұрпағы С.Мырзағұл тапсырған.
Технология • 09 Сәуір, 2025
Студент ауыл шаруашылығына қажет технология ойлап тапты
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті техникалық факультетінің мұнай- газ ісі кафедрасы автоматтандыру және басқару мамандығының 3-курс студенті Ерасыл Жолгелдиев Шалқар ауданы Бозой ауылындағы әкесінің жеке қожалығында автоматтандырылған басқару жүйесін іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 08 Сәуір, 2025
Ақтөбеде 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандарға үкім шықты
Ақтөбе қалалық соты Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры мен жеке кәсіпкерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2025
Шекаралық ауылдағы шарапатты шаруа
Үшқатты – облыс орталығынан 350 шақырым, Әйтеке би ауданы орталығы Темірбек Жүргенов ауылынан 75 шақырым қашықтықта орналасқан, 400-ге жуық тұрғыны бар, шекарадағы ауыл. Қыр астында Орынбор облысының Домбаровка елді мекені мен Ясный қаласы тиіп тұр.
«Таза Қазақстан» • 07 Сәуір, 2025
Шағын саябақтар құрылып,алаңқайлар абаттандырылады
Ақтөбедегі ірі кәсіпорындар қала ішіндегі бос жатқан аумақтарды абаттандырып, шағын аллеялар мен скверлер құруды қолға алмақшы. Өткен жылы төрт кәсіпорын бес алаңқайды абаттандырып, шағын скверлер жасаса, биыл он бір аумақта осы жұмыс жалғасын табады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Сәуір, 2025
Дәрігерлер АИТВ-ның алдын алу жөнінде кеңес берді
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығы» мекемесінің мамандары адам иммун тапшылығы вирусының алдын алу жөнінде сауда орындарында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 06 Сәуір, 2025
Ардагерлер шырша отырғызды, жастар көше тазалады
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Ақтөбе облысының еңбек ұжымдары, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері, тіпті тазалықты сүйетін қарапайым тұрғындар да үлес қосып келеді.