Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
559 материал табылды

Қылмыс • 16 Мамыр, 2025

Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ретінде таныстырып, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерінен ақша бопсалап жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 16 Мамыр, 2025

Шалғай аудандағы балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Шалқар аудандық ауруханасының жанында  тірек-қозғалыс бұзылыстары бар балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұл орталық «Қазақстан халқына» қорының «QH Аудандық оңалту орталықтары» қайырымдылық жобасы аясында іске асырылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Руханият • 14 Мамыр, 2025

Ақтөбелік кітапхана халықаралық байқаудың жүлдесін жеңіп алды

Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  Мәскеудегі Маргарита Рудомино атындағы бүкілресейлік  шетел әдебиеті кітапханасы ұйымдастырған «Премия Рудомино» халықаралық  байқауында «Достастық елдерінің үздік халықаралық жобасы» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң • 14 Мамыр, 2025

Жайсаңдағы бекетте заңсыз мигранттар ұсталды

Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара  бекетінде Ресей Федерациясына бағыт алған транзиттік бағыттағы  жүк көлігін тексеру кезінде заңсыз мигранттар ұсталды, деп жазады Egemen.kz ҰҚК Шекара қызметінің дерегіне сүйене отырып.

Медицина • 14 Мамыр, 2025

Шаттық сыйлаған бағдарлама

2021 жылы Президент тапсыр­масы­мен жүзеге асқан «Аңсаған сәби» бағдар­ламасының игілігін сәби сүюді аңсаған ақтөбелік отбасылар да көріп жатыр.

Мереке • 05 Мамыр, 2025

Майдангер медицина қызметкерлеріне арналған көрме өтті

Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан  медицина университетінде  осы оқу орнында еңбек еткен екінші дүниежүзілік соғыс  майдангерлеріне арналған көрме ұйымдастырылды.

Өшпес даңқ • 03 Мамыр, 2025

Қаһарман қыз хақындағы құнды деректер

1985 жылы Жеңістің 40 жылдығы, Әлия Молдағұлованың 60 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласында ашылған батыр қыздың мемориалдық музейі зерттеуші Айша Өтеулинаға аса қымбат. Ол осы жылдан бастап, бұл мекемені 1998 жылға дейін басқарды. Аз уақыт ішінде батырлықтың тамаша үлгісін көрсетіп қаза тапқан Әлиямен бірге тағдыры соғысқа байланған басқа да қыршындардың өмірдерегі түгенделді.

Қоғам • 01 Мамыр, 2025

Әженің тәрбиесін көрген Ализа

Ализа Кайхарованың жасы – 21-де, мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Қоғамдық қызметі – «Вайнах» шешендер этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, Ақтөбедегі ҚХА жастары мүшесі, өзге ұлттарға қазақ тілін үйрететін «Qazaqvibe» курсының авторы.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2025

Ырғыздағы жаңа наубайхана

Үш баланың анасы Айгүлім Ақатай «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 6,6 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, Ырғыз елді мекенінде наубайхана ашты. Қазір Айгүлімнің «Райана» наубайханасында пісірілген нан өнімдері дүкен сөрелеріне жеткен бойы сатылып кетеді.

Білім • 28 Сәуір, 2025

Жұбанов пен Heriot-Watt университеттері Исламабадтағы көрмеге қатысты

Қ.Жұбанов  атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Heriot-Watt университеті Ақтөбе кампусының оқытушылары мен студенттері Исламабадта өтіп жатқан «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.