Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды
Су тасқыны күндері Ырғыз ауданының Аманкөл, Нұра, Мамыр, Белшер, Дүкен, Қарасай елді мекендерімен арада жол қатынасы үзіліп, әлі қалпына келтірілген жоқ. Электр бағаналары судың ішінде қалып құлауы салдарынан Қарасай елді мекенінде жарық сөнді. Он күннен бері жарықсыз отырған осы ауыл тұрғындарына қайықпен электр генераторы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Уақытша паналау орындарында 1 636 адам бар
Ақтөбе облысында су басу қаупі бар жерлерден 10 мың 138 тұрғын (оның 4077-і бала) эвакуацияланып, 10 663 бас мал қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі кезде уақытша паналау орындарында 1 636 адам тұрып жатса, оның 689-ы бала. Әзірге қауіп жоқ, 2 536 адам өз үйіне оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Бөгеттер тасқын суды ұстай алмады
Су тасқынына байланысты күрделі ахуал қалыптасқан өңірлердің бірі Ақтөбе облысында жағдай тұрақталып келеді. Жергілікті бюджеттен су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 300 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық төлем төлене бастады және осы азаматтардың несие төлемдері үш айға шегерілді.
Қоғам • 06 Сәуір, 2024
Бөгеттер тасқынға төтеп бере алмады
Ақтөбе облысы аумағындағы өзендер бойындағы 206 гидротехникалық құрылғы әбден тозған, стратегиялық нысандардың көбі шаруа қожалықтарының иелігіне өтіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Бесқоспа ауылынан 200 адам көшірілді
Ақтөбе облысындағы Мағаджан су қоймасы бөгетінің бұзылуынан аталған бөгетті жағалай орналасқан елді мекендерді су басу қаупі болғандықтан Алға ауданына қарасты Бесқоспа ауылы тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында су тасқынынан төнетін қауіп сейілген жоқ. Елек, Жем, Торғай, Ырғыз, Ойыл, Қарақобда, Темір, Сазды, Жіңішке, Қарғалы өзендеріндегі су деңгейі төмендемеді. Соған қарағанда жағдай әп-сәтте өзгеріп кетуі мүмкін.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны кезінде әйелдерді босандырып алған ауыл дәрігерлеріне алғысын білдірді. Соның ішінде егіз сәбиді дүниеге әкелген Қаламқас Қоңырқаеваға сапалы медициналық қызмет көрсеткен Ырғыз ауданы Нұра аулындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтті. Олар – жалпы тәжірибелік дәрігер Сауия Сатаева, жалпы тәжірибелік мейірбикелер Айжан Алханова мен Айару Молшылық.
Балалар • 02 Сәуір, 2024
Айсәуле мен Жансәуле су тасқыны кезінде дүниеге келді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны кезінде егіз сәби босанған Қаламқас Қоңырқаеваға көмек көрсеткен Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлеріне алғыс білдірді. Олар – Нұра дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері – Сауия Сатаева, мейірбикелер – Айжан Алханова мен Айару Молшылық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 02 Сәуір, 2024
Өңір кәсіпорындары саланың қажетін өтеп отыр
Бірер күн бұрын өңірдегі бірнеше ірі кәсіпорынның табалдырығын аттау мүмкіндігі туды. Бүгінде Ақтөбе облысында CT-KZ өндірістік сертификатын алған 200-ге жуық тауар өндіруші тіркелсе, олардың арасында ең белсенділері – корпустық жиһаз, медициналық кереуеттер мен зертханалық жұмыстарға арналған металл шкафтар, өрт қалқандарын жасайтын металл құрастырмалар өндірісі.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
200-ге жуық үй су астында қалды
Өткен аптада Ақтөбе облысының тұрғындары отыз жылдан бері көрмеген су тасқынын бастан кешірді. Күн күрт жылынып, еріген қар суы тоңы қалың жерге сіңе алмай, сай-салалармен дала өзендерін толтырды. Екі күн бойы жауған жаңбыр Жем, Ембі, Темір, Қауылжар, Сағыз, Ырғыз, Ор, Ойыл, Қобда өзендеріндегі су деңгейін көтеріп, сең жүре бастады. Алты ауданға бірдей су тасқыны қаупі төнді. Жұрт қолдарына күрек-сайманын алып, алдын бөгесе де, қызылсу жойқын күшпен үйлерге кіре бастаған соң қорадағы малын биіктеу жерге айдады.