Оқиға • 28 Наурыз, 2024
Ақтөбенің қақ ортасын су басты
Бүгін Ақтөбе қаласының қақ ортасын су басты. Сазды өзенімен жалғасқан, қаланың қақ ортасынан өтетін Кіші Сазды өзені арнасынан асып, су 11 және 12-ші ықшамауданның көшелеріне жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Айшолпан Тапашева өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасымен 3 миллион 500 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, Ойыл ауданының орталығынан ветеринарлық дәріхана ашты. Қазір ол қой мен ешкі, ірі қара және жылқының кең таралған ауруларын емдейтін дәрі-дәрмек сатады.
Төтенше жағдай • 27 Наурыз, 2024
Күннің күрт жылынуынан Ақтөбе облысындағы далалық өзендер – Ембі, Жем, Сағыз, Темір, Ырғыз, Қауылжыр өзендеріндегі су деңгейі көтеріліп, бірнеше елді мекенге су басу қаупі төнді.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2024
Алимент төлемеген әкелер жұмысқа тұрды
Биыл қаңтар айынан бері Ақтөбе облысында балаларына алимент төлемей жүрген 127 борышкер жұмысқа орналастырылды. Олардың басым көпшілігі – әкелер.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2024
Ақтөбеде қардың көбесі сөгілмей, қыстың сызы әлі кетпей жатыр. Соған қарамастан Наурыз мерекесін тұрғындар ерекше жылылықпен, ізгілікке толы істермен қарсы алуға кірісті.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2024
Наурыз мерекесіне дайындық қызу
Биылғы Наурыз мерекесін бірлік, бауырластық пен ынтымақ мейрамы ретінде қарастыратын жаңа тұжырымдамаға сәйкес атап өту жоспарланып отыр. Ақтөбе облысы тұрғындары да 14-23 наурыз күндері аралығындағы әр күнді қазақтың салт-дәстүрімен, ұлттық болмысын ашып көрсетуге бағытталған «Наурызнама» тұжырымдамасына сай тойламақшы.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2024
Әйтеке би ауданы Ақтасты орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі және психологі Гүлнәз Тұрарова соңғы кезде ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарды қайта жаңғыртып, оқу материалы ретінде пайдаланып жүр. Жас ұстаздың асық ойынын сабаққа пайдалану тәжірибесі ерекше қызықты.
Мирас • 11 Наурыз, 2024
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, жыршы, қобызшы Мәлік Әлмұратовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмір жырын жырлайды ақын жүрек» кітабының таныстырылымы өтті. Бұл жинаққа ақынның «Ақбикеш» поэмасы, «Жамал қыз», «Әйел теңдігі» өлеңдері, Жамал қыз бен Зәкәрия, Қазбай, Бедермен айтыстары, «Абат батыр» жыры енді. Жинаққа енген өлеңдер мен жырлар ақынның қызы Сұлушаш Мақашева ұзақ жыл сақтап келген қойын дәптерлерден көшіріліп, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен жарық көрді.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2024
Өткен жылдың 5 қарашасында өткен аудан әкімдері сайлауында Ақтөбе облысынан Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандарын басқаруға тоғыз үміткер таласты. Дауыс беру қорытындысында 60 жастағы Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев пен 55 жастағы Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов өз орындарына қайта отырса, Қобда ауданының әкімі ғана өзгерді. Қобда ауданын 2020 жылдың 21 наурызынан бері басқарып келе жатқан Болат Құловты 45 жастағы орынбасары Ізгілік Тынымгереев алмастырды.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2024
Қарғын суды кәдеге жаратудың маңызы
Көктемде Ақтөбе облысындағы 15 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр. Жақын күндері күн жылынып, жердің тоңы жібімей жатып қар бірден ерісе, өзендер арнасынан асып, төңіректегі тұрғын үй алаптарын су басуы әбден мүмкін. Қазір қыстың аязды күндерінің сақталуына қарамастан, наурыздың алғашқы күндері ауа температурасы жоғарылап, айдың ортасына қарай нөсер жаңбыр жауады деген болжам бар. Облыстық ТЖД су басу қаупі жоғары тұрғын үй алаптарында тұратын 15 337 адамды эвакуациялауға арналған 87 уақытша орналастыру орны, 30 шатыр мен 600 төсектік орын жабдығы әзірленгенін хабарлады.