
Еңбек • 27 Қараша, 2024
Әйтеке би ауданы «Құмқұдық» ЖШС-ында табан аудармай 35 жыл еңбек етіп келе жатқан Марат Балыбеков жақында ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Елуді орталаған жігіт ағасы – қайнаған еңбектің ортасынан шыққан жан. Біртоға сөзі мен ісі үйлескен, ортасына сыйлы, бала-шағасының, ағайын-туысының алдында беделді.
Білім • 19 Қараша, 2024
Бестамақ оқу ошағындағы озық тәжірибе
Былтыр еліміз аумағында іске қосылған шағын жинақты ауыл мектептерін дамытуға арналған бірегей жоба Ақтөбе облысынан бастау алған еді. Өйткені еліміз бойынша шағын мектептер саны жағынан Ақтөбе облысы көш бастап тұр.
Жәдігер • 09 Қараша, 2024
Көп жыл бұрын Шалқар ауданының Софы есімді тұрғыны елсізде, құм ішінен төңкерулі жатқан үлкен қазан тауып алады. Бұл әрбір қазақ үйінен табылатын қара қазан емес, ерекше құйылған, бір жылқының еті тұтас сыятын дәулетті жанның тұтынған дүниесі. Құм суырғанда ашылып қалған бұйымның осы өңірді жайлаған Тотанның балаларынан қалғанын ел ақсақалдары біліп үйде сақтайды.
Тағзым • 09 Қараша, 2024
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қазақ тіл білімінің іргетасын қалауға зор үлес қосқан Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жұбанов тағылымы» атты халықаралық ХІ конференция өтті.
Форум • 01 Қараша, 2024
Жастар және қоғам жауапкершілігі
Өнер орталығында өткен «Жастар. Жігер. Болашақ» форумында жастар арасында белең алған нашақорлық, лудомания, буллинг, суицид сияқты күрделі мәселелердің алдын алу кеңінен талқыланды. Форум жұмысына облыс әкімі Асхат Шахаров, полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов және облыстық прокуратура өкілдері қатысты.
Өнер • 01 Қараша, 2024
Қой жүнінен сәндік бұйым жасайды
Өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» конкурсының жеңімпаздары анықталды. Үздіктер қатарында Мәртөк ауданында қыш ыдыстар өндірісін жолға қойған Аркадий Гогель мен қой жүнінен этнобұйымдар жасайтын Ырғыз ауданының шебері Айдана Сағынғали бар.
Білім • 25 Қазан, 2024
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызылжар елдімекенінде 371 оқушыға арналған жаңа мектептің ашылу салтанаты болды. Мектеп құрылысын «Номад Құрылыс Компаниясы» ЖШС-і жүргізді. Екі қабатты ғимараттың ауданы 3000 шаршы метрден асады және үш блокқа бөлінген. Алғашқы екі бөлігінде оқу ғимараты, ал үшінші бөлігінде шеберханалар, спорт залы, акт залы және асхана орналасқан. Оқу кабинеттері барлық талапқа сай жабдықталған. Қызылжар мектебінің құрылысына 1,8 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округіне қарасты Жарық ауылы магистральды газ құбырына қосылды. Екі жыл бұрын басталған газ тарту жұмыстарын «A.T.E-ЖОЛ» ЖШС-і аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2024
«Ауыл аманаты» жобасының қатысушылары жергілікті бюджетке 93,3 млн теңге мөлшерінде салық төледі. Сондай-ақ елді мекендерде екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жөнінде облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Әуез Тайымбетов мәлімдеді.
Зерде • 18 Қазан, 2024
Билер мұрасы немесе тұлғатанудағы түйткілдер
Ақтөбеде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әйтеке би Бәйбекұлының 380 жылдығына арналған «ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ елі: Әйтеке би заманындағы ұлттық құндылықтар және ұрпақтар сабақтастығы» атты халықаралық конференция өтті. Жан-жақтан келген ғалымдар Тәуке хан заманында мемлекетті нығайтуға үлкен үлес қосқан билер институтының зерттелмеген тұстарын талқылады.