
Мектеп • 23 Қаңтар, 2025
Теміркөпірдегі жаңа білім ұясы
Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округіне қарасты Теміркөпір ауылында 60 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның құрылыс жұмыстарына 680 млн теңге жұмсалды. Жаңа білім ошағы жайлы әрі заманауи талаптарға сай салынған. Толық жабдықталған химия, биология, физика, көркем еңбек пәндері кабинеттері, кең де жайлы спортзалы мен асханасы бар. Мектеп ауласындағы жаңа спорт алаңында бірнеше спорт түрімен шұғылдануға болады.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2025
Шалқар қаласындағы Оқушылар сарайы қолөнер үйірмесінің жетекшісі Асылан Төретаев аудан орталығындағы Жұбановтар көшесі бойынан биіктігі – 3, диаметрі 2,5 метр жылан мүсінін тұрғызды.
Фармацевтика • 17 Қаңтар, 2025
Дәрі өндірісінің дәрежесі артты
Өңірдегі «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС – сұйық және қатты дәрілік заттар, жақпа май, түрлі ерітінді, медициналық бетперде шығарумен айналысатын фармацевтика саласында өзіндік орны бар зауыт. 2012 жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық қолдауын алып, ашылды. Сол кезде небәрі 3 түрлі дәрі шығарса, қазір нарыққа 59 түрлі дәрі-дәрмек ұсынып отыр.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2025
Ақтөбеде белгісіз біреу үш адамды кепілге алған
Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі жер үйлердің біріне заңсыз кіріп, үй тұрғындарын кепілге алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 09 Қаңтар, 2025
Байғанин аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің автоинспекторы, капитан Әділқаһар Қадыров бір отбасын ажалдан құтқарып қалды.
Жәдігер • 28 Желтоқсан, 2024
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы ғалым Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Алты Алаштың ардағы» атты тарихи-танымдық іс-шара өтті. Оған ғалымның ұрпақтары арнайы келді. Көрмеге Құдайберген Қуанұлының жарияланған еңбектерінің көшірмелері, кітаптары, өзі мен отбасылық фотосуреттер, зайыбы Раушан апайдың тұтынған заттары қойылды.
Өндіріс • 28 Желтоқсан, 2024
Құбыр зауыты өндіріс көлемін ұлғайтады
Ақтөбе металл құбырлар зауыты – құрылыс, мұнай-газ, басқа да шаруашылық салаларының қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі. 2018 жылы жұмысын шағын цех түрінде бастап, алты жылда ауқымды кешенге айналды. Биыл өндіріс қайта жарақтандырудан өтіп, жаңа цех іске қосылған соң өндіріс көлемі артып, 3 500 тонна шойын бұйымдар мен құбыр шығарылды.
Президент • 11 Желтоқсан, 2024
Өңір дамуына серпін берген жобалар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды.
Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024
Шахталары мен кен байыту фабрикасы Хромтау ауданының Көктау елді мекенінде орналасқан Ақтөбе мыс компаниясында вахталық әдіспен 2500-ге жуық адам еңбек етеді. Еңбеккерлердің көпшілігі – Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының тұрғындары.
Жәдігер • 29 Қараша, 2024
Шалқардағы айрықша құндылықтар
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі қырық жылға жетер-жетпес тарихында 13 мыңға жуық экспонат жинаған болса, ең көне жәдігері 1870 жылы іргетасы қаланған Шалқар қаласы тарихымен, «Орынбор-Ташкент» шойынжол құрылысымен байланысты. Елу мыңға жуық тұрғыны бар ауданның өткені мен бүгінін жалғастырған мәдени-тарихи мекеме мамандары ескі ғимараттың іші-сыртын күтіп ұстап, қордағы дүниені жарқыратып көрсетіп отыр.