
Қоғам • 12 Наурыз, 2025
Он бірінші перзентін дүниеге әкелді
39 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны Мінәура Мұхтарова жуырда он бірінші перзентін дүниеге әкелді. Салмағы – 3 680 грамм, бойының ұзындығы 57 см болып туған сәбиге Хантөре есімі берілді.
Қоғам • 08 Наурыз, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңестері отбасы құндылықтарын сақтау, жас ұрпақты рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеуде ата-ана рөлін күшейту тұрғысында жұмыс атқарады.
Өшпес даңқ • 07 Наурыз, 2025
Әлекен әулеті Андрейді әлі күтіп жүр
Сырым Әлекен әулетінің үш буыны ХХ ғасыр басындағы солақай саясаттың зәбірін әбден көрді. Қиын-қыстау жылдары осы әулеттің жаулары тасада тұрып оқ атқандарымен қоймай, ұрпақтарына дейін түгел жойып жіберуді мұқият жоспарлаған. Оқиға 1934 жылдың күз айында Темір ауданы «Қонжар» кеңшарының тұрғыны, бұрынғы ауқатты Сырым Әлекенұлы мен оның бәйбішесі Әзизаны милиция жасағы арбаға байлап алып кетуден басталды.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
Еңбеккерлеріне баспана салып берді
Дөң ауылдық округіне қарасты Оңғар ауылының кіреберісінде, көлік жолының оң жағында қатар-қатар етіп салынған он қызыл үй ерекше көзге түседі. Бұл үйлерді «Данияр» шаруа қожалығының басшысы Серік Оразымбетов жұмыскерлеріне арнап салып берді. Жаңа үйлерге газ тартылған, орталықтандырылған ауызсу желісімен қамтылған.
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
Үндемей жүріп үлкен іс тындырғандар
Елдің елдігі, халықтың ауызбіршілігі мен қайырымдылығы табиғи апат кезінде бір сынға түсті. Бірнеше өңірді шарпыған былтырғы су тасқынында жүздеген мың адамның баспанасы, мал-мүлкі суға кетсе де, ел-жұрттың тастүйін бірлігінің арқасында күз басталғанға дейін шығынның орны қалпына келді. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға ақтөбеліктер де бір үйдің баласындай жұмылды.
Руханият • 27 Ақпан, 2025
Майданда ерлікпен қаза тапқан батырдың есімі ұлықталды
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңестер одағының Батыры Иманғали Тауқышұлы Білтабановтың 100 жылдығы атап өтілді. Ол 1925 жылы 10 сәуірде Қобда ауданы Қосөткел ауылында дүниеге келген. 1943 жылы қаңтарда әскерге алынып, 1945 жылдың 26 ақпанында Одер өзені үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2025
Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі жоғары
Қазгидрометтің мәліметіне қарағанда, Ақтөбе қаласы мен Әйтеке би, Мұғалжар, Қарғалы, Мәртөк, Қобда аудандарында жердегі тоңның қатуы өткен жылғыдан екі есе жоғары болғандықтан, өңірде көктемгі су тасқыны қаупі жоғары. Осы мәселе төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық штабтың кезектен тыс отырысында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Ақпан, 2025
Кәсіптік-техникалық білім алушылар мен кәсіпорын өкілдері бас қосты
Ақтөбеде 21 кәсіпорын өкілдері, 40 техникалық– кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері мен қала мектептерінің 9-сынып оқушылары қатысуымен «Кәсіби ашық алаң» көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 25 Ақпан, 2025
Әлия Молдағұлованың сағыныш хаттары
Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде әр жылдарда жинақталған батыр қыздың құжаттары, майдан хаттары, сондай-ақ ол шайқасқан жерлердегі қару-жарақтар, Ленинградта оқыған мектебінен әкелінген фотосуреттер, іздеу отрядтары тапқан деректер, қарулас серіктерінің естеліктері топтастырылған.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2025
Ақтөбеде үздік экскурсия жүргізушісі анықталды
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Үздік экскурсия жүргізушісі» байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.