Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысына келді. Олар ең алдымен «Өнер» орталығында жиналған қоғам қайраткерлерімен, еңбек ардагерлерімен, мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Өткен жылы Ақтөбе облысында 35 елді мекен арақ-шарап өнімдерін сатудан бас тартқан еді. Биыл «Қауіпсіз аула» және «Алкогольсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Ақтөбе облысының төрт ауданындағы тағы бес ауыл спирттік ішімдіктерден бас тартуға шешім қабылдады. Нәтижесінде өңірдегі «арақсыз» елді мекендердің жалпы саны 40-қа жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Ақтөбе облысында көктемде 865 мың гектар алқапқа дән себіледі. Оның ішінде 506 мың га дәнді дақылдар, 75 мың га майлы дақылдар, 277 мың га мал азығы дақылдары егілсе, 3,5 мың га картоп және 3,3 мың гектарға басқа да көкөніс түрлері отырғызылады. Қазіргі уақытта қажетті тұқымның 90 %-ы әзірленіп, 42 мың тонна тұқым сапасына лабораториялық тексеріс жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды
Қыс мезгілінде Актөбе облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына 684 тексеру жүргізді. Рейд барысында жолдардың қардан уақтылы тазартылмауы, көктайғаққа қарсы инерттік материалдардың себілмеуі, жол белгілерінің көрінбеуі, жол ортасындағы ойықтар мен терең шұңқырлар, асфальт жамылғысының бұзылуы сияқты кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Ақтөбе облысында биыл төрт мыңға жуық тұрғыны бар сегіз ауыл орталықтандырылған газ құбыры желісіне қосылады. Олардың қатарында Әйтеке би ауданының Ақтасты, Жабасақ, Тымабұлақ, Мәртөк ауданының Полтавка, Ойыл ауданының Ақкемер, Ақшатау, Кемер және Қаракемер елді мекендері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2026
Автокөлік жолдарының жай-күйіне бақылау жүргізілді
Қыс мезгілінде Ақтөбе облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына 684 тексеру жүргізді. Рейд барысында жолдардың қардан уақтылы тазартылмауы, көктайғаққа қарсы инерттік материалдардың себілмеуі, жол белгілерінің көрінбеуі, жол ортасындағы ойықтар мен терең шұңқырлар, асфальт жамылғысының бұзылуы сияқты кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2026
Полиция қызметкері үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйінде паналатты
Өткен тәулікте қатты аяз бен ақтүтек боранға байланысты Ақтөбе облысында автожолдар уақытша жабылды. Күн райы қатты бұзылғанда автокөлікпен жолға шықпау жөніндегі ескертулерді елемейтіндер осы жолы да көп болды. Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандарында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлер жолда қалғандарды түні бойы арнайы ұйымдастырылған жылыту пункттеріне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысындағы бірқатар ауданда жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды
Ақтөбе облысының Байғанин және Мәртөк аудандарында жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды, сондай-ақ Хромтау ауданында күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімшесі пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімде Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров құтқарушыларға жаңа көлік құралдарының кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2026
Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды
Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Ainala» емдеу – оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Ақтөбеде сурдофутзалдан Қазақстан чемпионаты өтті
Ақтөбе қаласында жақында пайдалануға берілген «Қуат» спорт кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдофутзалдан ел чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің 15 өңірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Бір аптаға жуық созылған командалық кездесулерде Қарағанды облысының сурдо футболшылары чемпион атанса, Жетісу мен Қостанай облысының спортшылары күміс және қола медальдар иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.