Оқиға • Кеше

Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабы таныстырылды

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық кітапханасында жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабы таныстырылды

Автор жаңа кітабында әлеуметтік тақырыпты барынша қозғайды. Негізгі идеясы – арлы пен арсыздықтың тайталасы. Өмірдегі сан түрлі жағдайларға тап болған кейіпкерлері арқылы адалдық пен адамгершілік, ынсап пен мейірім, ашкөздік пен тойымсыздық, күншілдік пен қызғаныш сияқты адами мінездерді барынша көрсетуге ұмтылған.

Қазақ жазушысы Нобель иегері Мо Янға «Абай» кітабын сыйлады

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының басшысы Алтынай Юнисқызы мүгедектік арбасына таңылса да, саналы ғұмырын тағдырдан таяқ жеген аналарды қорғауға арнаған Бибігүл Иманғазинаның қоғамдағы ерен еңбегін атап өтті. Мінезді де, қайсар ана қаламымен де қызмет етіп келеді: жақсылықты насихаттайды, адамдарды жамандықтан қашық болуға шақырады.

«Бір ел – бір кітап» акциясы: Биыл қандай шығармалар дауыс беруге ұсынылды?

Ақын, Жазушылар Одағының Ақтөбе филиалының жетекшісі Бауыржан Құрманқұлов «Бибі-Сана» романында иман, обал, сауап, ұят секілді адами қасиеттердің маңызы ашып көрсетілгені туралы тарқатса, Жанғабыл Қабақбаев романның қарапайым да түсінікті тілі, ерекше сөз қолданыстары туралы айтты. Осы жақта тұратын туыс інілері Мұратбай Қабиев пен Кенжебай Сүйеумағанбетов жазушымен бірге өткізген балалық шақтары туралы баяндады.

«Қазақтың шешендік өнері» кітабының тұсауы кесілді

Облыстық кітапхана жанынан құрылған «Үркер» шығармашылық үйірмесінің мүшесі, жас ақын Қызғалдақ Алпысбаева ақын Иран-Ғайыптың қаламгерге арнаған «Бибі-Ана» өлеңін оқыды. Кездесу соңында «Жақсылықтың жаршысындай Бибі-Ана» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар