
Коронавирус • 23 Шілде, 2021
294 жүкті әйел коронавирус індетін жұқтырған
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Ақтөбеге келген сапарында өңірдің эпидемиялық ахуалы жан-жақты талқыланды. Министр рентген жабдықтарын шығаратын «Ақтөберентген» АҚ зауытында, перинатальды және онкогематология орталықтарында болып, №1 қалалық емхана жұмысымен танысты. Жұмыс сапарының соңында коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.
Саясат • 20 Шілде, 2021
Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова мен Қайыңды ауылдық округі әкіміне үміткер Нұрболат Жалғас Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен, AltynEx Company компаниясының ұжымымен кездесті.
Аймақтар • 20 Шілде, 2021
Қажығали Мұханбетқалиұлына арналған көрме
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармашылығына арналған «Естен кетпес бейне» атты көрме өтті. Көрмеге әр кезеңде музей қорына жинақталған фотосуреттері, орден-медальдары мен төсбелгілері қойылды. С.Бәйішев атындағы кітапхана да жазушының кітаптары мен басылымдарда жарияланған мақалаларын экспозицияға қойды.
Аймақтар • 19 Шілде, 2021
Ырғыз ауданының төрт түлігі ащы су ішуге мәжбүр
Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарының шаруашылықтары биылғы жазда аптап ыстық пен қуаңшылықтың зардабын әбден сезінді. Әсіресе Ырғыз ауданының Аманкөл, Тәуіп, Жайсаңбай ауылдық округтерінің елді мекендері мен шаруа қожалықтарына мал суару қиынға түсті. Қыста ылғал мөлшері аз, көктемде жауын-шашын болмай, сәуірде Ырғыз өзені тасымады.
Аймақтар • 18 Шілде, 2021
Мәжіліс депутаты Қайыңды ауылының тұрғындарымен кездесті
Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова мен Қайыңды ауылдық округі әкіміне үміткер Нұрболат Жалғас Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен, «AltynEx Company» компаниясының ұжымымен кездесті деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Шілде, 2021
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 3-курс студенті Мұхтар Түлкібаев өз өмірін қатерге тіге отырып, Қарғалы өзеніне батып бара жатқан 28 жастағы ер адамды құтқарып қалды.
Тарих • 07 Шілде, 2021
Ескілік пен естіліктің арасы: Ырғыздан Ырғызбайға дейін
Өлкетанушы, кәсіпкер, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер мен еңбек ардагерлерінен құралған топ «Ырғыздан Ырғызбайдың еліне» атты сапарға шығып, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданын көктей, Шыңғыстау баурайындағы қасиетті орындарды аралады. Ырғыз ауданы азаматтары Абайдың 175 жылдығына орай жоңғар шапқыншылығы заманында Ырғыз өзені бойында өмір сүрген Құнанбай Өскенбайұлының ұлы атасы Ырғызбай ауылының көш жолымен жүріп өтуді өткен жылы жоспарлаған. Індеттің кесірінен сапар кейінге шегеріліп, биылғы маусымның соңында ғана Абай еліне жол түсті.
Аймақтар • 01 Шілде, 2021
Өңір қайтадан «сары аймаққа» өтті
Бір айға жуық уақыт «жасыл аймақ» қатарында тұрған Ақтөбе облысы 27 маусымнан бастап қайтадан «сары аймаққа» өтті. Эпидемиялық жағдайдың күрделене бастауына 23-27 маусым аралығында коронавируске шалдыққан тұрғындар санының артуы себепші болды.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған брифинг өтті. Өңір басшысы Ақтөбе облысында экономикалық өсімді арттыру мәселелері, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, инвестициялар, ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы жан-жақты хабардар етті.
Қоғам • 03 Маусым, 2021
Бақылаусыз кеткен баланы көше тәрбиелейді
Ақтөбе облыстық ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) емдеу орталығында жұқпалы иммун тапшылығы дертіне шалдыққан 800-ден астам науқас тіркелген. Соңғы жылдары осы медициналық мекемеде халықтың осал топтарымен жұмысты жандандыру мақсатында «Сенім бекеті» және «Достық» бөлімі ашылды. Екі бөлімнің де атқаратын жұмыстары өзара тығыз байланысты. «Сенім бекетінің» бір дәрігері, үш медбикесі, 5-6 аутрич қызметкері қауіп-қатер тобындағы есепте тұрған тұрғындарды бақылауда ұстап отыр. Жалпы, облыстық ЖИТС орталығы мамандары АИТВ жұқпасының кең таралмауы үшін жұқпалы вирус жұқтырғандарды көзден таса етпей, олардың орталық дәрігерлерімен қарым-қатынасының үзіліп қалмауына мүдделі.