«Криштиану Роналду сенбі күні Премьер-Лиганың «Челсиге» қарсы ойынында «Манчестер Юнайтедтің» құрамында болмайды. Команданың қалған бөлігі осы матчқа дайындалуға толықтай жұмылды», делінген клубтың ресми сайтында.
The Athletic ақпараты бойынша, «МЮ» командасының бас бапкері Эрит тен Хаг 37 жастағы шабуылшыны негізгі құрамның жаттығуынан шеттеткен.
Сондай-ақ спортшы АПЛ 13 турындағы «Челсиге» қарсы кездесуге қатыспайды.
Айта кетейік, кеше португалиялық футболшы «Тоттенхэм» (2:0) командасына қарсы ойын аяқталмай жатып стадионнан кетіп қалды. Кейбір дереккөздер бойынша шабуылшы ойынның соңында алаңға шығудан бас тартқан.
«Челси» - «Манчестер Юнайтед» ойыны 22 қазанда Лондонда өтеді.
37 жастағы Роналду маусымдағы 12 матчта екі гол соқты. Оның «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты маусым айында аяқталады.