• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қазан, 2022

«Егемендік – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

763 рет
көрсетілді

Мемлекеттік басқару академиясында «Егемендік – ел тірегі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» қабылданған Декларация еліміздің нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастамасы, ел тәуелсіздігінің іргетасы болды. 2022 жылғы 16 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың I отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды және ол еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтілуі қажет деп айтты.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен «Егемендік – ел тірегі» атты дөңгелек үстелде Республика күні мерекесінің маңызы айтылды. Мәжіліс барысында тарихи күнге қатысты келесі маңызды мәселелер талқыланды: Егемендіктің тарихы, еліміздің әлеуметтік-саяси жағдайы, егемендіктің алғашқы жаршысы бола білген Республика күнін ұлықтау мақсаты, тарихи құжат болып есептелетін еліміздің Декларациясына анықтама толықтай сипатталды.

Жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев, 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының төрағасы болып қызмет атқарып, теңгені енгізуге тікелей қатысқан Ғалым Байназарұлы Байназаров, Қазақстанның сот жүйесін және құқықтық қорғау саласын жетілдіруге ат салысқан Серік Байсейітұлы Ақылбай, Ұлттық қауіпсіздік органдарында көп жыл жұмыс істеген генерал-майор Ержан Бекбауұлы Исақұлов, мемлекеттік қызмет саласын қалыптастыру және жетілдіру ісінде қызмет істеп жүрген Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Мұхамедияұлы Байменов мазмұнды баяндама жасады.

Мәжіліс соңында Республика күні идеологиясының негізінде бірігу принципі бар, бұл күнді мерекелеу бірлік пен тату көршілік құндылықтарын нығайтуға барынша ықпал етуі тиіс секілді маңызды ойлар айтылды. Еліміздің өркендеуі үшін мемлекеттік қызметшілердің жоғары кәсібилілігімен қатар отанды сүю, халыққа адал қызмет ету, мемлекетшіл болу керек.