• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Теннис 22 Қазан, 2022

Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты

141 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 158-орын) Кокимбодағы (Чили) турнирінде сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ширек финалда Скатов топ жарған аргентиналық Федерико Кориямен (71-ші) кездесіп, оны үш сетте – 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді. Челленджердің жартылай финалында қазақстандық теннисші тағы бір аргентиналық теннисшімен, 1/4 финалда итальяндық Марко Чекчинатоны (98-ші) жеңген Факундо Диас Акостамен (228-ші) ойнайды.

Кокимбо турнирінің жүлде қоры 53 120 долларды құрайды. Жеңімпаз 7200 доллар ұтып, 80 рейтингтік ұпайға ие болады.