2014 жылғы 28 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
«Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысына өзгеріс пен толықгырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 667-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмаған балаларды асырап- бағуға алимент ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
1-тармақтың 14) тармақшасындағы «қосымшаақыдан жүргізіледі.» деген
сөздер «қосымшаақыдан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.»;
2-тармақта:
тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мертіккен жағдайда төленетін бір жолғы өтемақыны, зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшін өтемақы төлемдерін, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезінде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы қоспағанда, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен;»;
тармақшадағы «(стипендиясынан) жүргізіледі.» деген сөздер
«(стипендиясынан);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кездегі сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.