• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Қазан, 2022

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

150 рет
көрсетілді

Синоптиктер мәліметінше, 23 қазанда Астанада және еліміздің тоғыз облысында жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ұлытау облысының орталығында солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Жезқазғанда 23 қазанда түнде солтүстік-батыстан  екпіні 18 м/с жел күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

23 қазанда түнде Ақмола облысының солтүстігінде қалың қар жауады деп күтілуде. Облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде орталықта, оңтүстікте, облыстың шығысында екпіні 16 м/с жел соғады. Ақтөбеде 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының орталығында оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 23-28 м/с. Семейде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Өскеменде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оралда 23 қазанда түнде және таңертең тұман болады.

23 қазанда таңертең және күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.

23 қазанда күндіз Астанада көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с .